КГУ «Восточно-Казахстанский региональный научно-методический центр информатизации и развития образования «Örken»
Управления образования Восточно-Казахстанской области

«Шахма негіздері» курсы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған курс.

Поделитесь этим постом:

Ағымдағы жылдың 10–28 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған шахмат негіздері бойынша біліктілікті арттыру курстары өтуде.

Оқыту Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ ШҚО және «Orken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен өткізіліп жатыр.

Курстың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және оларды оқу бағдарламасының вариативтік бөлігі аясында шахматты оқытуға машықтандыру.

Қазіргі уақытта мұғалімдер балаларға ойынды түсінікті әрі тартымды жеткізудің заманауи әдістемелерін үйреніп жатыр.

Оқу барысында педагогтер балаларға шахматты оқыту әдістемесімен, сабақтарды ұйымдастыру ерекшеліктерімен, ойын және практикалық оқыту әдістерімен танысады. Бастауыш сынып оқушылары үшін шахмат сабақтарын түсінікті, қызықты әрі қолжетімді етіп өткізуге ерекше көңіл бөлінеді.

Сондай-ақ сабақты ұйымдастырудың практикалық тұстарына ерекше мән берілуде.

 Курс аяқталғаннан кейін педагогтер алған білімдері мен әдістемелік материалдарды кәсіби қызметінде тиімді қолданып, оқушыларына шахмат негіздері бойынша сабақтар өткізе алады.