КГУ «Восточно-Казахстанский региональный научно-методический центр информатизации и развития образования «Örken»
Управления образования Восточно-Казахстанской области

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім берудегі сабақтастық, бастауыш білім беру мазмұнындағы өзгерістер» бастауыш сынып педагогтерінің облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы

Поделитесь этим постом:


2026 жылдың 28 тамызында Өскемен қаласындағы № 46 орта мектеп базасында ШҚО білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында бастауыш сынып педагогтерінің секциялық отырысы өтті.
Жиын «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім берудегі сабақтастық, бастауыш білім беру мазмұнындағы өзгерістер» тақырыбына арналды. Іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің жауапты мамандары, әдіскерлер, бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешілері қатысты.
Отырысты ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім жетекшісі С.К. Касенова ашып, білім берудегі негізгі өзгерістер мен сабақтастық мәселелеріне тоқталды. Секция барысында үздік педагогтер мен әдіскерлер бастауыш білім берудің жаңа мазмұны, оқу бағдарламаларындағы өзгерістер, бағалаудың жаңартылған тәсілдері және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту тәжірибесімен бөлісті.
Жиын соңында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, кері байланыс орнатты және жаңа оқу жылына арналған стратегиялық міндеттерді айқындады. Шараға барлығы -50 бастауыш сынып және мектепалды даярлық сынып педагогтері қатысты.