КГУ «Восточно-Казахстанский региональный научно-методический центр информатизации и развития образования «Örken»
Управления образования Восточно-Казахстанской области

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ» КОНКУРСЫ

Поделитесь этим постом:

Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының құрметті педагогтері!

Сіздерді «Үздік педагог» республикалық конкурсының ІІ кезеңіне қатысуға шақырамыз!

Конкурсқа кемінде 5 жыл үздіксіз педагогикалық еңбек өтілі бар педагогтер қатысады.

Бұл конкурс – өзіңіздің кәсіби шеберлігіңізді, педагогикалық тәжірибеңізді, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесіңізді көрсетуге берілетін тамаша мүмкіндік.

Ең жоғары нәтиже көрсеткен педагогтер республикалық кезеңде өңір намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.

Конкурсқа өтінім қабылдау, қатысушыларды тіркеу, конкурстық материалдарды ұсыну және бағалау uzdikustaz-nobd.edu.kz веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Конкурстың барлық кезеңі толықтай цифрландырылған.

Өз жетістіктеріңізді таныстырып, өңірдің үздік педагогтері қатарына қосылыңыз!